Кәсіпкер учаскені мақсатына сай пайдаланбаған
Шымкенттің арнайы экономикалық аумағында мақсатқа сай пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
АШМ мәліметінше, 2013 жылы әкімдік қаулысымен ЖШС-ға синтетикалық жіптен, микрофибрадан және басқа да тоқыма материалдарынан жасалған бұйымдар шығаратын зауыт салу үшін ауданы 2 гектар жер учаскесін берген. Жер ресурстарын басқару комитетінің Шымкент қалалық департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында учаскенің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтыны анықталды.
Департамент заңбұзушылықтарды жою қажеттігі туралы ұйғарым шығарды. Нұсқаманың орындалмауына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот кадастрлық құны 70 млн теңге болатын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.