Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздк комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
5 келіге жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.