Halyq Uni логотип
×

Жезқазғанда 15 шенеунікке айыппұл салынды

Қала әкімінің орынбасары да жауапқа тартылды

 Динара Амантай 07.11.2024 | 10:03
Жезқазғанда 15 шенеунікке айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Жезқазғанда 15 шенеунікке айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасы мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы заңнамаға қайшы әрекет ете отырып, әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптарын белгілеген.

Жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күші жойылып, 15 лауазымды қызметкерге 904 мың 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы және басқа да лауазымды қызметкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама