Ол алаяқтықпен ақша жымқырған
Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкерелеген.
Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінде, – делінген Антикор хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр.