Орталық сайлау комиссиясы құрамы өзгерді

Халық үні

Ақорда Тоқаев жарлығын жариялады

Фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясы құрамында ауыс-түйіс жасады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы жарлығымен Сәбила Мұстафина және Константин Петров Орталық сайлау комиссиясы мүшесі лауазымынан босатылды. 

Олардың орнына Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.