Ақтөбе облысында бір тәулікте 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылып қалды
Жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздігі үшін полиция тәулік бойы кезекшілікке шықты
Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Halyq Uni.
Өңірде кешелі бері жауған қар көктайғаққа ұласып, жол-көлік апаты көбейді. Ақ түтек боран болып, ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе-Астрахан республикалық маңызы бар тасжолында қозғалыс шектелді. Өңірде жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздігі үшін полиция тәулік бойы кезекшілікке шықты.
Ақтөбе облысы аумағында ауа райының күр өзгеруіне байланысты, боран және көріну мүмкіндігі шектелуіне байланысты, 2024 жылдың 6 қарашасында Ақтөбе-Астрахан республикалық автокөліктер жолында қоғамдық көліктер және жүк автокөліктеріне шектеу қойылады. Бұл шектеу Ақтөбе қаласынан бастап, Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылына дейін қойылып отыр, – деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов.