Қазақстанның кейбір жолдарында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының бұзылуына байланысты 6 қарашада мына республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланған:
- 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына;
- 18:00-де Түркістан облысында республикалық маңызы бар А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына;
- 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.