Облыс орталығына 10 км қалды
Украинаның қарулы күштері Херсон облысының орталығына жақындап келеді.
Қолда бар мәліметке қарағанда, олар таңертең қалаға 20 км-ге жақындап қалса, астана уақытымен сағат 14.30-да Херсонға 10 км қалған.
Бүгін украин жауынгерлері облыс орталығынан 20 км жерде орналасқан Томина Балка елді мекенінде болып, оккупанттармен шайқасты.
Енді әрі қарай облыстың барлық жерлерін азат ету үшін басқыншыларды әуелі Херсон қаласынан қуып шығуды жоспарлап отыр.
Қазір Херсон облысында кескілескен шайқастар болып жатыр.