Астана мектептерінде ауа райының нашарлауына байланысты сабақтар қысқартылды
Желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артты
Бүгін елордада желдің күшеюіне байланысты мектептердегі сабақтардың ұзақтығы қысқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты (желдің жылдамдығы 30 м/с дейін артады) екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен жіберілетіні туралы айту қажет, – делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 6-7 қарашада Астанада қатты жел соғады. Синоптиктер оңтүстік-батыстан 23-28 м/с, кейде 30 м/с дейін жел соғады деп болжайды.