Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес беріледі

 Динара Амантай 06.11.2024 | 14:48
Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 16:00-ден ертеңгі сағат 04:00-ге дейін өңірде ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Айта кетсек, Абай, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Павлодар облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Ал Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар күтіледі.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруге кеңес берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама