Halyq Uni логотип
×

Жол саласындағы жосықсыз мердігерлердің тізімі жарияланды

Мекемелер келісімшарт бойынша міндеттерін орындамаған

 Динара Амантай 06.11.2024 | 12:46
Жол саласындағы жосықсыз мердігерлердің тізімі жарияланды
Фото: "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жасалған келісімшарттар бойынша негізгі міндеттемелерді орындауда бұзушылыққа жол берген мердігерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, мекемелер республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеуден өткізу барысында, сондай-ақ жолдарды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу кезінде жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған.

Сонымен қатар, кейбір мердігерлер біліктілік талаптары және тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша толық емес ақпарат ұсынған.

Жосықсыз мердігерлердің тізіміне келесі мекемелер енгізілді:

  1. «Каз Строй» КС» ЖШС;
  2. «Бекет Сат Жол» ЖШС;
  3. «Искер-Т» ЖШС;
  4. «Инженерный центр «АСТАНА» ЖШС;
  5.  «Алматыдорпроект» ЖШС;
  6.  «QazConstructions» ЖШС;
  7. Фирма «Автодорсервис» ЖШС;
  8. «Базис-Z» ЖШС. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама