Үкім заңды күшіне енді
Байқоңыр ауданы прокуратурасы елордалық мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, жыл бойы іс жүзінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы көлемі 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.
Сот үкімімен мектеп директоры сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кінәлі азамат залалды толық көлемде өтеді.
Үкім заңды күшіне енді.