×

«Сыбағамен» сиыр алмақ болған 11 шаруа сан соғып қалды

Шаруа қожалығына мал әкелуі тиіс оператордың өзі қиындыққа тап болыпты

 Еркеғали Болатұлы 14.06.2022 | 16:04
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының шаруалары Еуропадан асылтұқымды мал аламыз деп операторлардың есепшотына миллиондап ақша аударған. Бүгінде 9 шаруа қожалығына көмек көрсетілсе, қалған 11-і шетелден келетін ірі қараны күтіп отыр.

Солардың бірі – Баянауыл ауданындағы «Ата қоныс» шаруа қожалығы. Бұл шаруа қожалығының иесі Теміржан Қишевті әкімдік өкілдері «Сыбаға» бағдарламасына қатысуға көндірген. Көндіріп қана қоймай, үшжақты келісімшарт жасасып, 100 бас асылтұқымды герефорд тайыншаларын жеткізіп беретін операторды да өздері тауып береді. Ал Теміржан Қишев несие рәсімдеп, 85 миллион тенгені қостанайлық серіктестіктің жеке шотына аударады. Осы жылдың күзінде несиенің 20 миллион теңгесін қайтаруы тиіс болатын. Оны ет бағытындағы асылтұқымды малдың есебінен жабамын деп жоспарлаған.

Жалғыз ол ғана емес, жалпы облыс бойынша 11 шаруашылық сыбағадан қағылған. Сөйтсе, шаруа қожалығына мал әкелуі тиіс оператордың өзі қиындыққа тап болыпты. Келісімшартты орындау мерзімі бүкіләлемдік пандемиямен тұспа-тұс келген. Енді оператор германиялық жеткізушіден төленіп қойған соманы сот арқылы өндіріп алмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама