ШҚО-да түрме қызметкерлері сотталды

Динара Амантай

Олар арнайы атақтарынан айырылды

Фото: Halyq Uni

Өскемен қаласының сотында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикор мәліметінше, №17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспекторы жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлемінде қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.