Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында Алмасбек Садырбай ұсталды

Ол 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінген

 Халық үні 06.11.2024 | 09:18
Алматы облысында Алмасбек Садырбай ұсталды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекеті әшкереленді. Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктеліп отыр. Негізгі мақсат – ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу, -делінген ақпаратта.

Агенттік хабарлауынша, бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсетіп, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілген.

Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылған. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

Алмасбек Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында, деп хабарлады агенттік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама