Қазақстан АЭС құрылысын жүргізуі мүмкін компаниялармен келіссөздерді бастады

Халық үні

АЭС құрылысы үшін жеткізуші немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданады

фото: «Росатом» баспасөз қызметі

Қазақстандағы АЭС құрылысын жүргізетін компаниялармен ресми келіссөздер басталды. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрліктің мәліметінше, келіссөздер бәсекелестік диалог рәсімі бойынша жүргізіледі. Бұл серіктестіктің барлық аспектілерін – техникалық, экономикалық және құқықтық мәселелерге дейін талқылауға мүмкіндік береді.

Бұл формат халықаралық стандарттарға және бізге Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін оңтайлы шешімді таңдауға мүмкіндік береді. АЭС құрылысы үшін жеткізуші немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім 2025 жылы қабылданады, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өткен болатын.