АШМ комитет басшысына қатысты тергеу аяқталды

Динара Амантай

Іс материалдары сотқа жолданды

Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикор ұсынған ақпаратқа сәйкес, күдікті кәсіпкерден шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5%-ы көлемінде, яғни 4,4 млн теңге пара алған.

Соттың санкциясымен лауазымды қызметкер мен кәсіпкер үй қамағына алынды.

Биылғы 31 қазанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.