Путин ТМД елдері басшыларымен кездеспек

Дәурен Ерболат

Кездесуде алдағы жоспар талқыға салынады

Фото: РИА Новости / Алексей Бабушкин

Жылдың соңында Ресей президенті Владимир Путин ТМД елдерінің басшыларымен кездесуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл желтоқсанның соңында дәстүр бойынша (ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларымен – автор) жылды қорытындылау және болашаққа жоспар құру үшін жиналамыз.

Сондай-ақ 2025 жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірге атап өтеміз. Оған ТМД-ға мүше елдердің барлық халқы үлес қосты», - деді Владимир Путин.