Жағдай ТЖД бақылауында
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бүгінгі жер сілкінісі кезінде дабыл жүйесі неге іске қосылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Дабыл жүйесі жел сілкінісінің қуаты 5,5 балл және одан жоғары болғанда автоматты режимде іске қосылады. СБЗҰҒО қорытындысына сәйкес, бүгінгі жер селкінісінің күші қала аумағында 3 балл болды, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Алматыда жер селкіні болғаны хабарланған еді.