«Алматы Бас жоспары» бас директорының орынбасары сотталды
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы Бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Антикор мәліметінше, ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылған.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.