ІІМ қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады
Күннің күрт сууына байланысты өрт дерегі жиілеуі мүмкін
Ішкі істер министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова қазақстандықтар сақ болу керегін ескертті.
Ауа-райының суытуы техногенді өрттің көбеюіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты біз қуаты жоғары электр құрылғыларын бір уақытта қоспауға кеңес береміз. Бұл электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсіруі мүмкін. Автокөлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильді жылыту қауіпті екенін ескертеміз. ІІМ үйде оқыс жағдай болмау үшін еліміздің барлық тұрғынына өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады, - деді аға инспектор.
Тұрғындар төмендегі кеңесті назарға алуы керек:
- Мұржаны уақытылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;
- Ақауы бар жылыту құрылғылары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;
- Балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар.
«Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтаңыздар. Барлық оқиға туралы 101 немесе 102 телефонына хабарлауды сұраймыз, – деді Ақтоты Боранова.