Қылмыстық іс тергеліп жатыр
Оралда қалалық соттың төрағасы Руслан Жұмағұлов пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды «Уральская неделя» басылымы дереккөзге сілтеме жасап.
Төрағамен бірге 2 адвокат ұсталды.
1,5 млн теңге көлеміндегі пара сотталған адамның мәселесін оң шешіп беруге арналған.
Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО департаментінің қызметкерлері жүргізеді.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы 1-1 бөлігі («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.