Көлік айып тұрағына қойылды
Алматыда полиция жалпы сомасы 37 млн теңге айыппұлды төлемеген жүргізушілерді анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, айыппұл төлемегендер тізімінде көшбасында Mercedes-Benz жүргізушісі тұр. Ол 7 млн теңгеге жол ережесін бұзған. Көлік шетелде тіркелген. Автомобиль иесі айыппұлдың ешқайсысын төлемеген.
Алматы полициясы тұрақты негізде рейд жүргізеді. Одан кейін құқық бұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес хаттама толтырылады. Көлікті айыппұл тұрағынан босату тек айыппұлды толық өтегеннен кейін іске асырылады, – деді жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімі.