Елімізде күрежолдарды жіктеу ережелері жаңарды
Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автокөлік жолдарын жіктеу ережелері мен шарттары жаңартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Юрист «ПАРАГРАФ» сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарына көрші мемлекеттердің астаналарын жалғайтын, сондай-ақ, мемлекетаралық келісімдерге сәйкес халықаралық автокөлік жолдары желісіне кіретін жолдар жатады.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың және көрші мемлекеттердің ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз ететін автокөлік жолдары, бұған қоса, халықаралық маңызы бар автокөлік жолдарын қоспағанда, қорғаныстық маңызы бар жолдар кіреді.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарына латын әліпбиіндегі KAZ және KZ әріптерімен белгіленген индекстер беріледі: