Halyq Uni логотип
×

Астанада 327 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды

Қалада бұл ауруды 2,6 мыңнан аса адам жұқтырған

 Дәурен Ерболат 04.11.2024 | 11:25
Астанада 327 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды
Фото: kazaids.kz

Жыл басынан бері елордада 327 адамнан АИТВ (ВИЧ) инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалалық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мәліметінше, инфекцияны жұқтырғандардың 75,2%-ы ер адамдар, 24,8%-ы – әйелдер. Ауру анықталғандардың 62,4%-ы – 20-39 жаста.

Биыл 1 қазандағы ақпарат бойынша елордада жалпы АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған 2 688 адам тұрады.

Бүгін Астанада дүниежүзілік ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес күніне орай АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы басталды. Негізгі мақсат – инфекция туралы ақпарат беру, АИТВ/ЖИТС мәселесіне халықтың назарын аударту.

Бір ай ішінде медицина қызметкерлерінің, белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдардың қатысуымен түрлі іс-шара өтеді. Сондай-ақ адам көп жиналатын орындарда (сауда ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда және тағы басқа) АИТВ инфекциясын анықтауға тест тапсырып, маманнан ақыл-кеңес алуға болады, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама