Halyq Uni логотип
×

Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының тобы жойылды

Күдіктілер Қазақстанның конституциялық құрылымын бұзбақ болған

 Дәурен Ерболат 04.11.2024 | 10:51
Кентауда «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ұйымының тобы жойылды
Скрин видео

Түркістан облысы Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырын тобы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, экстремистік топты ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен жойды.

Ұйым елімізде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуді көздеген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеясын насихаттағаны анықталды.

Топ мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған.

Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотталған.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдер тәркіленді.

Қазір терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама