БАҚ-та күдіктінің «Хутор» қылмыстық тобын басқаратыны туралы ақпарат тарады
Алматы облысында полиция Хасан Қасымбаев ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылғы 2 қарашада Қ. атты азамат адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл әрекетті 2021 жылғы маусымда жасаған, - деп жазылған Алматы облысы ПД таратқан хабарламада.
Қазір қылмысты жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу әрекеті кешенді жүргізіліп жатыр.
Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді.
Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Хасан Қасымбаевтың «Хутор» қылмыстық топтың басшысы деген ақпарат тараған еді. Алайда полиция Талғарда қандай да бір ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.