Алматы облысында жер сілкінді
Қала маңында тағы тіркелді
Алматы облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 10:50-де жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан, – деп мәлімдеді ведомство.
Зілзала күші Нарынқол және Кеген ауылдарында 2 балл көлемінде сезілді. Зардап шеккендер мен қирау фактілері туралы ақпарат түскен жоқ.