Halyq Uni логотип
×

«Отбасы банк» жаңа бағдарламаларды іске қосады

Инвесторлар форумында келісімге қол қойылды

 Динара Амантай 01.11.2024 | 17:44
«Отбасы банк» жаңа бағдарламаларды іске қосады
Фото: Halyq Uni

«Отбасы банк» жаңа бағдарламаларды іске қосады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін премьер-министрдің қатысуымен инвесторлар форумы өтті. Онда «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова келісімге қол қойды. Сол арқылы жаңа бағдарламалар енгізіледі. Ол кісі жеке маған келіп айтты. III топтағы мүгедектер болсын, көпбалалы ана болсын,жалғызбасты аналар болсын, оларға арналған жаңа бағдарламалар іске асырылады, – деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама