Тоқаев Алматы облысының бас полицейіне тапсырма берді
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды қызметкерлерді қабылдады
Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты және Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті қабылдады, – делінген Ақорда хабарламасында.
Кездесу барысында мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.