Halyq Uni логотип
×

Павлодарда жасөспірімді зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Айыпталушы кінәсін мойындады

 Дәурен Ерболат 01.11.2024 | 16:05
Павлодарда жасөспірімді зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Фото: Halyq Uni

Павлодарда жасөспірім қызды зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта ер адамға ер адамға қатысты кәмелетке толмағанды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-2-бөлігі, 3-тармағы, Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-2-бөлігі 3-тармағы) бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот процесі жабық өтті.

Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Адвокат соттан айыпталушының ауыруына байланысты жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұрады.

Айыпталушының кінәсі сот-медициналық сараптамаларының қорытындысымен, жәбірленушінің және куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдермен дәлелденді.

Сот істің мән-жайын ескеріп, ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады, - деп жазылған сот таратқан хабарламада.

Айыпталушы балалармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама