Елімізде азық-түліктің қай түрі қымбаттады?
Суық су тарифі бір жылда 60%-ға көтерілген
2024 жылғы қазанда айлық инфляция деңгейі үдеп, 0,9% болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір айда ақылы қызметтердің бағасы – 1,4%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 1%, азық-түлік тауарлары 0,4%-ға көтерілген.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға – 25%, су бұруға – 5,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 1%, электр энергиясына, ыстық суға 0,6%-ға жоғарылады.
Теміржолмен жолаушылау қызметі – 13%, ұялы байланыс қызметі 5%-ға қымбаттады.
Қазанда отын бағасы – 4,7%, тас көмір 1,1%-ға өсті. Тұрмыстық техника – 2,6%, киім мен аяқ-киім – 0,9%, құрылыс материалдары мен жеке пайдаланылатын тауарлар 0,4%-ға қымбаттады.
Қияр бағасы – 9,7%, қызанақ – 8,6%, лимон – 7%, апельсин – 6,7%, тұз – 6,5%, жұмыртқа – 3,2%, күнбағыс майы 2,4%-ға өсті. Сәбіз бағасы – 10%, жүзім – 5,7%, алма – 3,4%, қызылша – 3,2%, пияз – 2,8%, картопқа 2,1%-ға төмендеді.
Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Алматы қаласында – 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,8 пайыздық тармаққа жоғары), ең төменгі – Павлодар облысында және Астана қаласында 0,4%-дан тіркелді.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы облысында – 0,8%, азық-түлік емес тауарларына Ұлытау, Абай облыстарында – 1,7%, ақылы қызметтерге – Алматы қаласында 3,6% өсті.
Биыл қазанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,5% болды. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,3%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 7,8%, азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға жоғарылады.
2023 жылғы қазанмен салыстырғанда тарифтер суық суға – 60,3%, орталықтан жылытуға – 33,6%, су бұруға – 26,9%, электр энергиясына – 22,9%, ыстық суға – 18,1%, қоқыс шығаруға 16,3% жоғарылады.
Теміржолмен қатынау қызметі – 23,7%, байланыс – 17,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету 11,9%-ға қымбаттады.
Ацетилсалицил қышқылының бағасы – 34,9%, белсендірілген көмір – 23,9%, корвалол 18,3%-ға өсті.
Қияр – 27,6%, қызанақ – 27%, зәйтүн майы – 23,1%, сарымсақ – 17,5%, картоп – 13,9%, кондитерлік өнімдер 12,6%-ға қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 21,9%, сәбіз – 16,2%, лимон – 11,6%, күнбағыс майы – 9,2%, құмшекер 5,2% арзандады.