Halyq Uni логотип
×

Мемлекет басшысы бірқатар елшіден сенім грамотасын қабылдады

Салтанатты рәсім Ақорда резиденциясында өтті

 Динара Амантай 01.11.2024 | 14:23
Мемлекет басшысы бірқатар елшіден сенім грамотасын қабылдады
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақорда резиденциясында мемлекет басшысына Франция елшісі Сильван Гиоге, Еуропа Одағының елшісі Алешка Симкич, Финляндия елшісі Янне Хейсканен, Канада елшісі Кристофер Дагган, Бразилия елшісі Марсель Фортуна Биато сенім грамоталарын тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілермен жүздесу барысында Қазақстан бейбіт дипломатия қағидатын ұстанатын ел екенін әрі халықаралық аренадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымымен жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекет басшыларына ізгі тілегін жолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама