Halyq Uni логотип
×

Бір айда 4,6 мың адам шекара заңнамасын бұзған

Іс материалдары тиісті органдарға жіберілді

 Динара Амантай 01.11.2024 | 14:00
Бір айда 4,6 мың адам шекара заңнамасын бұзған
Фото: Halyq Uni

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында биылғы қазанда атқарылған жұмыс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, шекара кеңістігінде 4 мың 640 заңнамабұзушы ұсталған. Оның ішінде:

  • 27 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін;
  • 30 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 435 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, оның ішінде:

  • 41 факті – есірткі заты;
  • 91 факті – ату қаруы мен оқ-дәрі (1 дана атыс, 3 дана газды және 25 дана суық қару, 123 дана оқ-дәрі, 41 дана электрошокер);
  • 23 факті – діни әдебиет (2 001 дана);
  • 459 факті – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (43 мың литрден астам);
  • 616 факті – жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауары (соның ішінде киік мүйіздері 1,5 млрд теңгеге жуық, темекі бұйымдары 377 млн теңгеден астам);
  • 204 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 57 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 31 дана – жүзу құралы;
  • 70 шақырым тор – браконьерлік аулау құралы;
  • 299 дана (1 765,1 келі) – бекіре тұқымдас балық;
  • 904 дана (2 165 келі) – таза тұқымдас балық;
  • 13 дана – итбалық.

Алды алынған залал көлемі – шамамен 671 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сондай-ақ, мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмегені, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатханы хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама