Қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара түсіністікке негізделген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президенті Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.