Ақмола облысында көлік пен локомотив соқтығысты: қаза тапқандар бар

Дәурен Ерболат

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото: instagram/nayzakokshe

Степногор қаласында Audi көлігі жүріп бара жатқан локомотивке соғылып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Instagram-дағы Nayzakokshe парақшасының мәліметінше, көлік апаты салдарынан Audi жүргізушісі мен 2 жолаушы көз жұмған. Олар – Жамбыл облысының тумасы, бәрі қаладағы ЖЭС-та дәнекерлеуші болып жұмыс істеген.

25 жастағы автомобиль жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 2 адам ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды. Осыған қарамастан 39 және 19 жастағы жолаушылар жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сондай-ақ тағы 3 жолаушы түрлі дене жарақатын алған: мидың шайқалуы, иық пен оң жамбастың сынуы, бастағы қысымның көтерілуі, іш жарақаты, екі жамбастың сынуы, - деп жазылған хабарламада.