АҚШ-тан 60 млн теңгенің зергерлік бұйымдары поштамен заңсыз жеткізілген
Контрабандалық тауарлар мемлекет кірісіне өтті
Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ-тан жөнелтілген пошталық сәлемдемелердің бірінен гауһар тасты зергерлік бұйымдар табылған. Олар ойыншық түрінде жалған құжаттармен рәсімделген.
Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңге болатын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.
Сондай-ақ, Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль ретінде рәсімделген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.