Halyq Uni логотип
×

Тоқаев Қарағанды облысы әкіміне сөгіс берді

Бұған дейін Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды

 Халық үні 01.11.2024 | 10:21
Тоқаев Қарағанды облысы әкіміне сөгіс берді
Фото: Halyq Uni

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президент жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімі өкімімен Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды. Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімі орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқарады.

Оның алдында Саран қаласы әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды

Айта кетейік, 2024 жылдың қазанында Қарағанды облысы Саран қаласында тұрғындар жылусыз қалды. Содан кейін Қарағанды облысы әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Үкімет басшысының алдында есеп берді.

Саранда 4 жаңа қазандық орнатылды. 13 қазанда №1 қазандық іске қосылды және тәулік ішінде температура 55 градус болды. 13 қазанда қазандық ақауға байланысты мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Режимдік баптау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ақау шығуына байланысты жылумен жабдықтауда резервті схемаға көшу бойынша шешім қабылданды. 124 үйді резервті жылытуға қайта қосылып, жылу беріліп жатыр. Жұмыс аяқталуға жақын. Бүгін кешке дейін барлық үйге жылу беріледі, - деді облыс әкімі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама