Halyq Uni логотип
×

Терроризмді насихаттаған 5 жасөспірім сотталды

Былтыр деструктивті әрекеті үшін 2 бала жауапқа тартылған

 Дәурен Ерболат 01.11.2024 | 10:05
Терроризмді насихаттаған 5 жасөспірім сотталды
Фото: Halyq Uni

Биыл Қазақстанда терроризмді насихаттаған 5 жасөспірім сотталған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі басшысы орынбасары Майгүл Айнабекова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет тарапынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шара қабылданып жатыр. Дегенмен 2023 жылы 42 адам деструктивті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылды. Оның екеуі кәмелетке толмаған. Биыл 68 адам сотталды. Оның бесеуі – жасөспірім, - деді Майгүл Айнабекова.

Сондай-ақ түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер не үшін сотталғанын айтып берді.

Мен 16 жастамын. Қылмыстық кодекстің 256-бабы («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша сотталдым. Бас шабатын, адам өлтіретін видео тараттым, - деді жазасын өтеуші.

ҰҚК жедел қызметкері видеоның мазмұны террористік сипатта болғанын жеткізді.

«Видеодан ДАИШ* халықаралық террористік ұйымы содырлары арнайы қызметтің адамдарын ұстап, аса қатыгездікпен өлтіргенін көруге болады. Оларды кәпір санаған. Осындай бейнероликті жүктеп отырды. Сонымен қатар араб ұлтына тән киімдерді киіп, түрлі бейнеролик түсіріп, араб музыкасын қойып, жазба қалдырып, адамдарды жиһадқа шақырған. Сондай-ақ өзінің жиһадқа шығуға ойы барын айтып, (материалдарды) әлеуметтік желіге жүктеген», - деді мамандар.

ДАИШ* – Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазанында қабылданған шешіміне сәйкес «Ислам мемлекеті» (ДАИШ) Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік құрылымдар тізіміне енгізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама