Halyq Uni логотип
×

«Қайта-қайта айтудың керегі жоқ». Асхат Аймағамбетовтің жалақысы азайды ма?

Өткен жылы ол жалақысы 900 мың теңгеден сәл асатынын айтқан

 Дәурен Ерболат 14.06.2022 | 13:24
«Қайта-қайта айтудың керегі жоқ». Асхат Аймағамбетовтің жалақысы азайды ма?
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Оқу және ағарту министрі Асхат Аймағамбетов министрлік бөлінгенімен жұмысы азаймағанын, жалақысы өзгермегенін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

«Жұмыс азайған жоқ. Бізде 7 млн адамға жауапкершілік болса, қазір оның саны 6 млн 300 мың болды. Қазақстандағы 7,5 мың мектепте 3,6 млн бала, 10 мыңға жуық балабақшада 1 млн-ға жуық бала тәлім-тәрбие алып, оқып жатыр. Сондай-ақ 800-ге жуық колледж бен қосымша білім беру ұйымдары, оған қоса балалардың құқығын қорғау мәселесі бар. Бізде 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жауапкершілігі бар. Сондықтан жауапкершілік те, жұмыс та азайған жоқ», - деді ол Үкімет отырысынан соң.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов жалақысы азаймағанын атап өтті.

Жалақым Үкімет бекіткен мөлшерде. Оны қайта-қайта айтудың қажеттілігі жоқ. Осыған дейін мен жалақымды 3-4 рет айтқамын. Ешқандай өзгеріс жоқ. Бұл – мемлекеттің бекіткен мөлшері, - деді министр.

Айта кетейік, өткен жылы Асхат Аймағамбетов журналистерге жалақысы 900 мың теңгеден сәл асатынын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама