Күдікті елге жеткізілді
Бұзақылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Қазақстан азаматы Ыстамбұлда ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, күдіктіні Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша Интерпол ұлттық орталық бюросы ұстаған.
Былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласындағы дәмханалардың бірінде болып, келушімен жанжалдасқан. Салдарынан күдікті ер адамды пышақтап, мекеменің мүлкін бүлдірген.
Қазақстандық Ыстамбұлда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.