Halyq Uni логотип
×

Жаңа халықаралық әуе маршруттары бойынша рейстер қосылады

Қолданыстағы бағыттар саны да ұлғаяды

 Динара Амантай 31.10.2024 | 14:01
Жаңа халықаралық әуе маршруттары бойынша рейстер қосылады
Фото: Halyq Uni

Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Таиландқа, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясы Корольдігіне жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады, сондай-ақ қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын көбейтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрлігінің мәліметінше, әуекомпания 26 қазаннан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Астана – Пхукет (Таиланд) бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылған. Бұған қоса, Атырау – Дубай (БАӘ) бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасы ашылды.

28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок (Вьетнам) бағытында рейстер аптасына 2 рет жиілікпен іске қосылды және олар желтоқсаннан бастап аптасына 5 рейске дейін ұлғайтылады.

29 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Медина (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша әуе қатынасы іске қосылды.

30 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Астана – Әбу-Даби (БАӘ) әуе қатынасын іске қосылды.

Ал 12 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Әбу-Даби (БАӘ) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосылады.

Сондай-ақ, «Air Astana» әуекомпаниясы Дубайға Алматы қаласынан (аптасына 7-ден 11-ге дейін) және Астана қаласынан (7-ден 9-ға дейін), Астана-Сеул бағыты бойынша (2-ден 3-ке дейін) рейстер санын көбейтіп жатыр.

Жаңа авиамаршруттардың ашылуы, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санының артуы жолаушыларға қысқы кезеңде, сондай-ақ жаңа жылдық каникул кезінде демалысты жоспарлау үшін көбірек мүмкіндіктер береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама