×

Ақтөбе облысында темекі өнімдері контрабасының жолы кесілді

Тәркіленген тауардың құны – 50 млн теңге

 Динара Амантай 31.10.2024 | 13:13
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында темекі өнімдері контрабасының жолы кесілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҰҚК мәліметінше, 28 қазанда «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде 71 мыңнан астам қорап темекі өнімін көкөніс салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны – 50 млн теңге.

Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама