Үкіметтің тиісті қаулысы әзірленді
Қазақстандық екі білім беру ұйымына халықаралық мектеп мәртебесі беріледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Үкімет қаулысына сәйкес, «Қазақстандық зият мектебі» білім беру мекемесі мен «Spectrum International School» ЖШС аталған мәртебеге ие болды.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда 86 жаңа мектеп ашылғанын хабарлаған едік. Жобада білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Сондай-ақ, бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған.