Бүгінде 11 күдікті ұсталды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалмағанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Талғар ауданындағы адам өліміне тоқталайын. Іс бақылауда. Күдіктілер ұсталып, оларға айып тағылды. (Марқұм Шерзат Болаттың) әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. Үйді өртеу дерегі бойынша іс тергеліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында.
Айта кетейік, биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді.
12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті. Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.