Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Кей облыстарда қар аралас жаңбыр жауады

 Динара Амантай 31.10.2024 | 10:48
Қостанай облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Көрнекі фото: Halyq Uni

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолдың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ ақпаратына сәйкес, ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 8-216 шақырымында (Тобыл қаласы-Октябрь ауылы учаскесі), «Екатеринбург-Алматы» автожолының 463-539 шақырымында (Қостанай қаласы-Федоровка ауылы учаскесі) және «Екатеринбург-Алматы» автожолының 589-683 шақырымы (Щербакова ауылы-Сарыкөл ауылы учаскесі) аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылған.

Бүгін сондай-ақ Абай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Жүргізушілерге 1403 байланыс орталығына хабарласып, жолдағы ахуал бойынша тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама