Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңге жымқырған
Әйелге қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбеде мектеп есепшісі 238 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура мәліметінше, №48 жалпы білім беретін мектептің есепшісі 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.
Әйел жалақыны белгіленген нормадан тыс аударып, қосарланған демалыс беріп отырған.
Есепшінің іс-әрекеті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен («Аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сараланды. Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды. 2024 жылы 24 қазанда сотпен есепші Г. кінәлі деп танылып, 7 жылға материалдық жауапкершілік жүктелген лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.