Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтады

Үкіметаралық келісімге қол қойылды

 Динара Амантай 31.10.2024 | 09:42
Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтады
Фото: polisia.kz

Министр Ержан Саденов бастаған ҚР Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті. Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Сондай-ақ, «MILIPOL QATAR-2024» 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама