Halyq Uni логотип
×

Каспий теңізінде қырылған итбалықтар саны 300-ге жуықтады

Ол жерде мониторинг жұмысы дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ

 Халық үні 31.10.2024 | 08:55
Каспий теңізінде қырылған итбалықтар саны 300-ге жуықтады
фото: forbes.kz

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Каспий итбалығы тағы да қырылып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni 24kz-ке сілтеме жасап.

24 қазаннан бері Маңғыстау облысында 289 итбалықтың өлексесі табылды. Болжам бойынша, теңіз сүтқоректілері дауылдан соң Баутино ауылы жағажайына шығып қалған. Сол жерге гидробиология және экология институты, балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері барып, теңіз суы мен итбалықтардың ағзасынан сынамалар алды. Олардың қорытындысы әдеттегідей зертханалық талдаудан соң белгілі болмақ.

Экологтар жылда қайталанатын құбылыстың алдын алу үшін тәуелсіз сарапшылар тобы Каспийде және құрлықта кешенді зерттеу шараларын жүргізуі қажет деп отыр.

Өкінішке қарай, ешкім ештеңе айта алмайды. Ешкім ештеңе білмейді. Яғни, бұл жерде мониторинг жұмысы дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Итбалыққа болсын, жалпы Каспий теңізіндегі биоалуантүрлілікке мұнай компаниялары тарапынан болсын немесе мемлекет тарапынан болсын, қайткенде де тәуелсіз сарапшылар тартылуы керек деп ойлаймын. Жалпы Қазақстан бойынша ондай итбалықты зерттейтін маман жоқ деп айтуға болады. Себебі 2000-жылдары итбалықтар жаппай қырылған кезде шетелден шақыртылған еді мамандар, - дейді Ecojer қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама