Астана қаласына да түнде және таңертең тұман түседі
«Қазгидромет» РМК 31 қазанда еліміздің 16 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Синоптиктердің болжамынша, түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарына тұман түседі.
Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігіне, батысына, оңтүстігіне және орталығына тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Астана қаласына да түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне тұман түседі. Күндіз солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында да көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысына тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанған. Жезқазғанға түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады соғады, екпіні – 15-20 м/с. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болады. Облыстың солтүстігіне тұман түседі. Күндіз орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігіне, сондай-ақ орталығына да тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Петропавлда 31 қазанда тұман, көктайғақ болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман, түнде және таңертең көктайғақ болады.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысына, орталығына тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысына, орталығына тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
31 қазан мен 2 қарашада түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.